Маңғыстау облыстық орталық мешітінде облыс имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында 3 күндік семинар тренинг өтті. ҚМДБ тапсырысымен Асар ақпараттық талдау мекемесінің ұйымдастырған шарасына облыс мешіттеріндегі 20 имам қатысып, білімін жетілдірді.
Имамдарға теология ғылымының докторы Мұхитдин Исаұлы мен Нұр Мүбәрак университетінің доктаранты Серік Тәжібаев сабақ берді. М. Исаұлы дін мен дәстүр, фиқх тақырыбын сараласа, С. Тәжібаев Ислам ақидасындағы өзекті мәселелерді түсіндірді.
Семинар барысында имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, теологтардың лекцияларын ұйып тыңдап, жазып алып отырды.
Жыл басынан бері имамдардың діни білімін жетілдіру семинары осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы өкіл имам С.Сейтбековтің ұстаздық етуімен сәуір айында Маңғыстау ауылдық мешітінің медресесінде өткен болатын.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3353
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру