19 қазан күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібінде:
а). ҚМДБ-ның төл басылымдары саналатын «Иман» журналы мен «Ислам және Өркениет» газетіне 2016 жылға жазылуға жүктелген тапсырманы толық орындалу барысы;
ә). Қала, аудан мешіттерінддегі 2015-2016 оқу жылындағы сауат ашу курсының басталуы, барысы, оқыту мазмұны, оқу құралдары, оқытушы ұстаздармен қамтылуы туралы;
б). ҚМДБ-нан ұсынылған төрт бағыт бойынша атқарылған іс-шаралар барысы туралы мәселелер қаралып аталмыш тақырыптар бойынша баспасөз хатшысы А.Тойшыбайұлы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Х.Аманқұловтар қысқаша баяндамалар жасады.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов имамдардың жиналысын қорытындылай келе: «2015 жылдың аяқталуына бір тоқсан ғана қалды. Сондықтан да жыл басынан бергі дәстүрлі дінімізді жаю, насихаттау, жамағаттың діни сауатын ашу курстарын ұйымдастыру, діни жоғары оқу орындары мен медреселерге шәкірттер даярлау, айтылған уағыз-насихаттар, жат ағым-секталар жетегінде жүрген жастармен жүргізілген, сондай-ақ ұлық құрбан айт мерекесінде ұйымдастырылған іс-шаралардың нәтижесі, мұқтаж және көпбалалы отбасыларға, қарттарға мешіттер тарапынан жасалған қайырымдылық істер, мешіттердің құрылыс-шаруашылығын нығайту, қыс маусымына дайындығы және т.б имамдардың атқарған қомақты, көзге көрінерлік іс-қызметтерін пысықтау осы жиналыстың бір мақсаты болды»,-деді.
Жиналыс барысында маусымдық іс-шараларға белсене қатысқан қала, аудан имамдарына өкіл имамның атынан «Алғыс хатпен» атап өтті.Соңында Бахрейндік «Құран Кәрімді қолдау» қорынан берілген қасиетті Құран Кәрім кітабы аудан, қала мешіттеріне бөліс бойынша салтанатты түрде үлестірілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру