ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша жастар бөлімі қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Ел мақтанышы» тақырыбында спортшы жастармен кездесу өткізді.
Жезқазған аймағы бойынша жастар бөлімінің меңгерушісі Абылай Айқынұлы спортшы жастарға қазіргі діни ахуал жайында кеңінен түсінік беріп, дәстүрлі дініміз Исламды жамылып, соның кейпін киіп, теріс пиғылдарын жүзеге асыруды мақсат тұтқандардан сақтануға шақырды.
Сонымен қатар, жастарды мешіт жанындағы «Сауат ашу курсына» білім алуға шақырып, ол оқу орнында білікті мамандар дәріс беретінін жеткізді. Аталмыш шараға «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің ұстазы Боранбай Оралбайұлы да қатысып, Ислам және отансүйгіштік жайында уағыз-насихат айтып, жат ағымдардың сипатына да тоқталды.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дін мамандарынан толыққанды жауаптарын алды.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3756
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру