Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын көпшілікке таныстыру мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен өкілеттігі көптеген іс-шара жоспарлады. Қала көлемінде кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу де басталып кетті.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Д.Қабидолдин Өскемен қалалық О.Бөкей атындағы кітапханада қала бойындағы бірқатар колледж студенттерінің басын қосты.
Кездесуге жастар көптеп жиналды. Көзделген мақсат «Тұғыры биік тұғырнама» тақырыбы аясында ҚМДБ бектікен құжатпен таныстыру, жас өрендердің ислам турасындағы сауаттылығын арттыру, имандылық пен адамгершілік жайлы түсінігін толықтыру болды.
Құжатта көрсетілген мұсылмандардың имандылығы, әдептілігі, Алланың үкім еткен парыздарын орындау, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы жан-жақты баяндай келе, «Адам бойындағы асыл құндылықтар, парыз-міндеттер түгелімен қасиетті Құранда айтылған. Әрбір мұсылман осыны өзінің тіршілігіндегі парызы деп білуі керек» - деді. Жастар қатары толғандырған сауалдарына ұтымды жауап алды.
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.10.2015
3303
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру