Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ жұмысы жалғасуды

20.10.2015 2973 0 пікір

Ислам құндылықтары – қазақ мәдениетінің қайнар көзі

Мақат аудандық әкімдігі ғимаратында мемлекеттік мекеме ызметкерлері мен үкіметтік емес ұжым мүшелерінің қатысуымен «Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті. Шаранының ұйымдастырылуына «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қоры ұйытқы болды. Кездесу мақсаты дәстүрлі дінімізді дәріптеу, мәдени дүниетанымымыз бен Ислам құндылықтарын насихаттауға арналды.

Аталмыш шараны Мақат аудан әкімі аппаратының басшысы Бұқарбаев Жәнібек ашып, кездесудің маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында қор директорының орынбасары Айбек Аташев сөз алып, сан ғасырлар бойы ұлттық дүниетанымымыздың діңгегіне айналған  Ислам дінін, нақты айтқанда пайғамбар сүннетін (ﷺ) жоққа шығарудың зор қателікке ұшырататынын тілге тиек етті. «...Ислам дінінің бір артықшылығы: ол – адамзат баласын бірлікке, татулыққа шақыратын дін. Онда ұлтқа, руға, дінге бөлінушілік жоқ. Олай болса, қазіргідей діни алауыздық өршіген ғасырда экстремизм идеясына қарсы тұрудың брден-бір тәсілі – төл дінімізге қайту, оның қайнар бұлағынан нәр алу»,деді 

Сондай-ақ, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, дінтанушы Бақытбек Тәжімбет сөз алып, «қай заманда да қоғамның ішкі-сыртқы тыныштығын сақтау ісінде діннің алар орны зор болды, сондықтан да халқымыз діннен ат тонын ала қашпай, дінге бет бұру керек. Әйтпесе, кейінгі ұрпақтың Ислам дініндегі ізгілік пен хайырлы ілімнен нәр алмай, нұр-жақсылықтан мақұрым қалу қаупі бар. Мұның соңы қоғамның имансыздануына әкеліп соғады»,  – дей келе, асыл дініміздің ұлттық тұтастыққа, білім, мәдениетке шақыратын ерекшеліктерін санамалап берді.   

Шара соңы еркін пікір алмасуға ұласып, аудан жұртшылығы дінтанушылар тарапына өз ризашылық сезімдерін білдірді.

Ескерте кету керек, дінтанушылар ауданға сапар барысында Мақат аудандық мұсылмандар мешітінде уағыз айтып, «Қазақтелеком» АҚ-ы мекемесіне қарасты Мақат аудандық өндірістік телекоммуникация торабы ұжымымен кездесті. Ханафи фиқхы, Матуриди сенім мектебі қағидаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Екі айлық курста дәріс оқыды

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бұл заман – білекке емес, білімге сенетін заман» деген болатын. Техника мен адамзаттың жаһанданған заманында барлық жетістіктерге тек біліммен жете алатынымыз анық.

Оны уақыттың өзі де дәлелдеп келеді. Әлемге қазақ деген алпауыт мемлекетті  таныту үшін де ең бірінші адамзатқа білім қажет. Біліммен қоса өзіміздің ұлттық  дүниелерімізді дәріптейтін қазақи құндылықтарымыздан да айырылмауымыз қажет-ақ. Білімді мыңды жығатын заманда біз өз мүддеміз бен мақсатымыздан ажырамай, нысанамызға дөп түсуіміз үшін тәлім тәрбиені де біліммен бірге бойымызға сіңіруіміз керек.  Әл- Фараби «Тәрбиесіз беріліген білім – адамзаттың қас жауы» деген болатын. Әрине, екі дүниеде де адамға пайдасы тиетін ілім іздегенен артық ештеңе жоқ мына фәниде. Алланың хақтығын, Пайғамбардың () хадис шәріпін, Құранның қасиетін санамызға сіңіру үшін ең алдымен ислами білім қажет.

Осы орайда осыдан 2 жыл бұрын ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі  Батыржан Берденұлының мұрындық болуымен қаламызда «Иманғали» орталық мешітінің жанынан сауат ашу курсы ашылған болатын. Содан бері бұл орталық бірнеше шәкірттерді тәрбиелеп, жадына исламның шарттарын тоқытып, елге қызмет етулеріне өз септіктерін тигізіп келеді.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Бақытбек Тәжімбет облысымызға келген сапарында сауат ашу курсының шәкірттерімен жүздеспей кетпеді. Екі айлық курста білім алып жатырған жамағатқа арнайы дәріс оқып, ақыреттік ілім алу жолында тынбай еңбек етіп, екі дүние бақытын тіледі.

«Иманғали» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру