Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тілі басқа, тілегі бір

19.10.2015 4485 0 пікір

Қазақстан көп ұлт пен ұлыс мекен ететін, татулығы жарасқан тәуелсіз мемлекет. Біздің жерімізде бірнеше ұлт өкілдерінің бақытты өмір сүріп келе жатырғаны басшымыздың көреген саясатының нәтижесі. Әр ұл өкілдерінен болса да, жүректері қазақ деп соғатын, тілдері әр түрлі болғандарымен тілектері бір. Татулық пен бірліктің туын желбіретіп жүрген елдің ғана болашағы жарқын болмақ.

Соған орай елімізде 18 қазан "Рухани келісім күні" мерекесі деп белгіленді.  Рухани құнылықтарымызды насихаттайытын аталмыш мереке облысымызда апта басынан тойланып, кеше меркеге орай Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының» ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Қазақстан – бәрімізге ортақ  Отан»  атты мерекелік шара өтті. Шараның шымылдығын Атырау облысы әкмінің орынбасары Шыңғыс Мұқанұлы ашып, барша атыраулықтарды мерекемен құттықтап, "әрдайым Жаратқан Иеміз татулығымыздан айырмасын",-деп өзінің тілегін білдірді. Сонымен қатар мерекеге ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, Дін істері басқармасының басшысы Е.Шохаев,ішкі саясат басқармасының басшысы Ә.Қыстаубаеважәне басқа да басқарма басшылары, қалалық мешіттің имамдары мен мешіт жамағаттары, католиктік және православтық діни бірлестік өкілдері, этно-мәдени орталық жетекшілері БАҚ өкілдері, ЖОО-ның студенттері қатысты. Шыңғыс  Жұмабекұлы рухани-мәдени, дін саласында аянбай қызмет етіп жүрген ақпараттық-насихат топ мүшелеріне, ардагерлер кеңесінің мүшелеріне, діни бірлестік жетекшілеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстап, ризашылығын білдірді.

Салтанатты жиын этно-мәдени орталықтардың  мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, оқушылар арасында ұйымдастырылған "Қазақстан бәрімізге ортақ отан" атты сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Шара соңында марапатқа ие болған АНТ мүшелері мен діни бірлестік өкілдеріне арналып облыс әкімінің қонақасы жайылды.  

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру