Қазақ – қариясын сыйлаған халық. Қарияның батасынсыз, даналығынсыз қазақ қоғамында қордалы байламдар жасалып, іс басталмаған. Атам заманнан бері келе жатқан игі дәстүр бұл. Осы бір көнеден келе жатқан үйлесім мен үлкенді сыйлау дүниетанымы бүгіндері өзгеріске ұшырап, қарияны сыйлаған дәстүр ескінің сарқыншағы іспетті ақырындап, ғасырлардың қойнауына еніп бара жатқанын байқамау мүмкін емес.
Елімізде осы айды түгелдей қариялардың құрметін қарттар айы деп жарияланған болатын. Соған орай, Исатай ауданының қариялары "Иманғали" орталық мешітіне келіп, құран оқытып, өздеріне арналып жайылған дастарханнан дәм татып, құрметке ие болып кетті. Мешітімізге келген ауданақсақалдарына ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы "қош келдіңіздер" айтып, оларға арнайы құран оқыды. Дастархан басына жиналған көпшілік қауымға бас имам Батыржан Мансуровасыл дініміздің қадір қасиеті мен данагөй қарттарымыздың қашанда қазақ үшін орнының ерекше екенін, оларға қандай қолдау көрсетсе де аздық етпейтінін, олардың біз үшін жасаған әр игі істері қашанда ерлікпен пара-пар екенін айта кетіп, мешіт ұжымы атынан қарттарымыздың діни сауаты артсын деген мақсатты сыйлыққа кітаптар табыс етті. Исатай ауданынан келген үлкендеріміз өкіл имам Батыржан Берденұлына алғыстарын білдіріп, "қашанда дәстүрлі дінімізге көрсетіп келе жатырған жанашырлығы үшін Алланың разылығына бөлене бер",- деп ақ батасын берді. Қарттарымыз ол біздің сарқылмас қазынамыз. Қарты бар елдің еңсесі қашанда биік болмақ. Сондықтан да асыл қазынамыз сарқылмасын, қарттарымыз азаймай, аман-сау арамызда жүре бергей.
Қарияларға құрмет көрсетілді
Әр жұма сайын мешітімізде намаздан кейін ақсақалдарға арналып дастархан жайылады. Бүгін де сол игі дәстүріміз жалғасын тауып,мешіт ұжымы ақсақал жамағаттар үшін арнайы дастархан жайып, құрмет көрсетті.
"Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы дастархан басына жиналған қарияларды қасиетті жұма күнімен құттықтап, ауыздарынан Алласы, қолдарынан таспихы түспейтін, немере-шөберелеріне өнеге көрсетіп келе жатырған аталарымызға денсаулық пен мол иман тіледі. Сонымен қатар үлкендердің құрметіне жайылған дастарханның қонағы болған республикалық ақпараттық насихаттық тобының мүшесі, теолог Бақытбек Тәжімбетқарияларымызға уағыз насихат айтып, екі дүниенің бақытымен, ризығын тіледі. Үлкендер жағы Бас имам Батыржан Берденұлы бастаған мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, осындай өнегелі отырыстардың әлі де жалғас беруін тіледі.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2015
3368
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру