ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы жаңа автокөлікке ие болды.
Қазіргі таңда Алланың жердегі үйі мешіттердің табалдырығын аттап, ондағы дін қызметкерлерінің, имамдардың уағыз-насихатын тыңдап, Алланың әмірін орындауға құлшынысы артатындар қатары көбейіп келеді. Өз кезегінде олар, барынша құлшылықтарына бекем болуымен қатар, қайырымдылық шараларына атсалысуға, мешіттің керегіне жарауға, мешіт қажеттілігіне жанашырлықпен қарауға ынталы екендігін әрдайым білдіріп келеді.
Осындай ниетті қала тұрғыны, жанашыр азамат мешіт ұжымына жаңа автокөлікті сыйға тартты. Мұндай жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету, мәрттік таныту – имандылықтың белгісі. Ел азаматына мешіт ұжымы атынан орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы батасын беріп, дұға жасады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2015
3644
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру