Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ тобы Ақтөбеде

19.10.2015 3157 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының РАНТ Ақтөбе облысы бойынша өз жұмысын бастады.

Аталған РАНТ мүшелері Ақтөбе облысында 16-20 қазан аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сансызбай Шоқанов 16-қазан күні алғашқы уағыз жұмыстарын Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде «Үнемшіл мұсылман-тиянақты мұсылман» тақыбырындағы жұма уағызынан бастады.

Уағыз барысында дінімізге кереғар әрекеттер мен жат амалдардан барынша сақ болып, ел мен отанға адал қызмет етуші азамат болу керектігін жеткізді. Әсіресе, жастарымызға Жаратушымыздың жерімізге нәсіп еткен нығметтеріне шүкірлік етіп, тәуелсіздік тұғырының биік болуы үшін қанағат деген асыл қасиеттің қадірін барынша түсінуге шақырды. Ойға түйер сақиқалы да терең мағыналы әңгімеден соң, жамағатқа дәстүрлі дінімізді насихаттайтын парақшалар таратылды.

Кейін Ақтөбе қаласы КА-168/1 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесу өткізіп, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын нақты дәлелдермен насихаттап, қателікке бой алдырып, темір торға таңылған азаматтармен ашық  сұхбат жүргізді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық «Нұрдәулет» мешітінің жамағатымен кездесіп, жиналған қауымға дәстүрлі дініміздегі өзекті мәселелер турасында насихат айтты. Қоғамды дүрліктіріп, түрлі келеңсіз жайттарға себеп болатын әрекеттерден алшақ болып, керісінше мұсылмандық сипат арқылы айналамыздағы қоршаған жандарға мейірім мен қамқорлық танытуда өзара жарысып, дініміздің мәртебесі үшін күш салудың күллі мүмін баласының басты парызы екенін атап өтті.

Жиналған жамағат арасынан азаматтар өзекті  сауалдарын жолдап, дәйекті де нақты жауаптар алды.талған РАНТ мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, Ақтөбе өңіріндегі бірнеше мешіт жамағаттарымен жүздесетін болады.  

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру