Аягөз қаласындағы К.Бозтаев атындағы мектепте «Дін және біз» атты кездесу өтті. Аудан имамы Думан Нәдірұлы, ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, ішкі істер бөлімі қызметкерлері қатысқан жиында қоғамдағы діни ахуал баяндалып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар қаладағы №5 орта мектебінде «Тәрбие бастауы – отбасында» атты мектеп ұстаздары, оқушылармен ата – аналар, тиісті органдар қызметкерлері қатысқан жиналыс өтті. Кездесуді ұйымдастырған мектеп ұжымы баяндамасы оқылып, слайдтар көрсетілді. Бұл кездесуге мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы қатысып, дініміздегі тәрбиенің орыны жайлы насихат айтты.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2015
3581
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру