Ғарышты бағындырған еліміздің үшінші перзенті Айдын Айымбетов жерлестерімен жүздесу үшін өзінің туған жері Талдықорған шаһарына арнайы келді. Облыс орталығы Талдықорған қаласының төріндегі «Жастар» спорт сарайында Ұлы дала елінің Батыры, Халық Қаһарманы, барша Алаш жұртының мақтанышымен қауышуға жиналғандардың қатары мол болды.
Қазақстанның көк байрағын ғарыш көгінде желбіретіп, аман-есен еліне оралған ғарышкерді Жетісулықтар шын ықыластарымен қарсы алып, «Талдықорған қаласының құрметті азаматы» атағын беріп, қала әкімі су жаңа темір тұлпардың кілтін табыс етті.
Осыдан кейін Айдын Айымбетов Алланың үйіне арнайы кіріп, Аллаға деген сансыз шүкірі мен алғысы бар екендігін дүйім жұрттың алдында паш етті.
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы ғарышкер ағамызды жылы жүзбен қарсы алып, қасетті құран аятын оқып, дұға жасады. Игі шарадан соң меккеден арнайы әкелінген зәм-зәм судан дәм татқызып, Қасиетті құранды сыйға тартты
Өз кезегінде Айдын Айымбетов: «Құрметті жерлестер! Өздеріңізбен амандықта қауышқандығыма қуаныштымын. Сол үшін баршаңызға үлкен алғысымды білдіремін. «Қазғарышта» жұмысымды жалғастыру арқылы Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында әлі талай еңбек ететіндігіме сөз беремін», - деп сөзін қорытты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.10.2015
5923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру