Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылар бас қосты

19.10.2015 3127 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлының бастамасымен Қасиетті Меккеден келген қажыларға арнап дастархан жайылды.

Қазіргі уақытта ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасымен биылғы жылы 4500-ге жуық жамағат қажылық сапарға аттанған еді. Ақжайық өңірінен  отызға жуық, облыс, қала, ауыл мешіттерінен үш имам аттанды. Осылардың бірі облыстық орталық мешітінің найб имамы, «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі Бақытжан Сабралиев еді. Қажылық сапардан кейін Бақытжан Құралбайұлы Сырым аудандық мешітінде бас имам қызметін бастайды. Ал, енді мұсылманның бесінші парызын өтеп келген қажыларға Алла Тағалаға разы болсын. Тек сіздерге екі дүниенің бақыты мен ілімін нәсіп етсін,-деп ақтілегін білдірді Руслан қажы Сұлтанов

Одан кейін  орталық мешітінің «Ақсақалдар» алқасының төрағасы Нәдір қажы Шавалиұлы мен Алланың қонағы болып келген Наурызбай қажы Дәулетияров сөз алып, өзінің қажылық сапарынан сыр шертіп, салиқалы әңгімесімен көпшілікті толқытты.

Дастархан басында Бақытжан қажы Құралбайұлы өз тілегінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының игі бастамасына шексіз алғысын білдіріп, ҚМДБ-ның ұжымына имандылықтың биік белесін тіледі.

Салиқалы жиында қажылық сапарын өтеп келген қажылар мен облыстық дін істер басқармасының басшысы Талғат Нығметов, облыстық орталық мешітінің имамдары қатысты.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру