Ақтөбе облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында «Рухани тәрбие - адам мен қоғам дамуының бастауы» атты рухани-танымдық кеш болып өтті.
Кеш барысында Өлкетану бөлімінің кітапханашысы Балагүл Бакиева «Рухани келісім - өркениет кепілі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Ақтоты Тіржанованың 18 қазан - Рухани келісім күніне арналған фото-шежіре слайды көрсетілді.
Аталмыш шарады Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы дініміздегі мәзхабтардың шығу тарихы мен ұстану жолдарын баяндап, соның ішінде елімізде бекітілген Ханафи мазхабының ерекшеліктері жайлы ақпарат берді.
Кеш барысында Салима Жұбатқанқызы өзінің қасиетті сапар қажылықтағы басынан өткен қызықтары мен барша мұсылман баласының арманына айналған құтты мекеннің қадір-қасиеті туралы мағыналы әңгіме қозғап, тыңдарман қауымды бір серпілтіп тастады.
Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығының «Арайлы мекен» үйірмесінің білім алушылары Зейнеп Талғатқызы мен Аружан Аманғалиева өлең оқып, Облыстық халық шығармашылығы үйінің әншісі Роза Жумина әсем ән шырқап көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңын С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Несібелі Жұмағұл шараға атсалысқан барша қонақтарға және оқушылар мен студенттер қауымына ризалығын білдіріп, алғыс айтты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.10.2015
3763
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру