Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дария кеуде тау мүсін, Қарттарым аман-саумысың!

16.10.2015 4046 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының арнайы ұйымдастыруымен өткен Текелі қалалық «Қарттар мен мүгедектер» үйіндегі шарада қарттар мен мүгедек жандардың көңілдеріне қуаныш сыйлап, бір серпілтіп тастады.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Рахымдылық танытпағанға, рахымдылық танытылмайды» дегендей, қарттармен мүгедек жандарға арналған концерттік бағдарлама бойынша өкіл имамның жүрекжарды ақ тілегінен кейін, Талдықорған қаласы, Сүйімбай атындағы филормонияның әншілері,  екі тілде термелер, туған жер, ана туралы әндерді шырқағанда, қарттармен мүгедек жандардың көздеріне жас үйірілді.  Кездесу соңында дастархан жайылып, ата-әжелерімізге ұлы сапар қажылықтан келген зәм-зәм сулар мен әжуа құрмаларынан дәм татқызып, сый-сыяпаттармен жасалды.

Осындай игі шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына қарттар мен мүгедек жандар, алғыстарын айтып, ақ жол тіледі.

 

Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру