Жастар біздің болашағымыз
Ислам-адамзатты жақсылық пен ізгілікке, мейірімдік пен қайырымдылыққа шақыратын ең таза дін. Қияметке дейін жалғасын табатын хақ дін. Әйтседе, бүгінде хақ дінімізге күйе жағуға тырысып, өзгеге жексұрын етіп көрсетіп жүрген ағымдардың саны сәт сайын көбейіп келеді. Көшеде жарыс пен атыс болса да, ұрлық пен зорлық орын алса да мешіттегі бауырларымыз бен орамалдағы қарындастарымызды айыптайтын жағдайға жетіп отырмыз.
Мұның барлығы сол жат ағымдарың солақай саясатының нәтижесі. Олардың діттеген де сол. Қазақ пен қазақты жауластырып, өзге елдерге мазақ ету, яғни іштей іріту саясаты тұр мұның артында. Сол пасық пиғылды ұйымдардың алдын бүгіннен бастап алмасақ, ертең өскелең ұрпақтың санасы уланып, дәстүріміз бен дінімізден, ата-анасы мен бір туған бауырларынан безініп кетуі әбден мүмкін. Осындай ниеттері бұрыс топтардан жас ұрпақты қорғау үшін ҚМДБ-ның жанынан ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, өздерінің жұмыстарын жүргізуде. Сол Республикалық топтың мүшесі Бақытбек Тәжімбет облысымызға іс-сапармен келіп, студенттермен кешеден бері келелі кездесулер өткізіп келеді. Сол шара бүгінде жалғасын тауып білікті дінтанушы Б.Тәжімбет Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттерімен кездесіп, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы екеуі "Діннің негізі-имандылық" атты тақырыпта ой өрбітті. Шара барысында студенттердің көпшілігі имамдарға сақал мен орамалдың шариғаттағы үкімдері турасында көптеген сұрақтар қойып, қанағаттанарлықтау жауаптарын алды.
"Құспан Молланың" жамағатымен кездесті
Дәстүрлі дінімізді жамағатқа насихаттау барысында өңірімізге республика көлеміне танымал бірнеше білікті теологтар келіп, тұрғындарды діннің кәусар бұлағымен суысындатып келеді.
Бір мұсылманды болсын тура жолға түсіріп, бір мұсылманның көзін ашқанның өзі үлкен нәтиже. Осындай мақсатпен мұнайлы өлкемізге білікті теолог Бақытбек Тәжімбет келіп, апта бойы жастармен бірнеше кездесулер ұйымдастырып, қаламыздағы бірнеше мешіттерде уағыз - насихат жүргізуде. Кеше бесін намазы уақытында ширек ғасырға жуық тарихы бар "Құспан Молла" мешітінде "Уақыттың қадірі" туралы уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына тұшымды жауабын берді.
Студент жастармен кездесті
Дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында облысымызға келген Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Бақытбек Тәжімбет өзінің іс-сапарын Атырау гуманитарлық инженерлік институтының студенттерімен кездесуімен жалғастырды.
"Жат ағымның жетегіне кетпе жасөспірім" атты тақырыптағы кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған "Ақсұңқар" қоғамдық қоры. Бұл шараның да басты мақсаты жас ұрпақты жат ағымның мүддесінен қорғап, өзгенің арбалуына түспеудің алдын алу. Шара барысында жат ағымдағы жандардың ұстанған саясаты мен елімізде етек жаюуындағы басты мақсаты түсінідірілді. "Дін дегеніміз өзгені шошытып, зорлықпен намазды оқыту емес" деп бастаған Бақытжан Тәжімбет.
- Ислам - жастарды жақсылық пен ізгілікке бастайтын тура жол. Ата-ананы құрметтеуге шақыратын әлемдегі ең таза да хақ дін,- деп өз сөзін қорытындылады.
Мұсылман-мұсылманның айнасы
"Адасқанның айыбы жоқ,қайта тапса үйірін" демекші, алғашында ғаламтордан ілім алып, сондағы дағуатшыларды өздерінің ұстазы санап, намаз бастаған көп бауырлар бүгінде, Аллаға шүкір мешіттеріміз бен медреселерімізге барып, ілімдерін арттырып, дәстүрлі дінімізге көшіп жатқандары жетерлік.
Мұның барлығы осы саланың жілігін шағып жүрген дін қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі, әрине. Нағыз мұсылман өзгеге тілімен де, ісімен де зиянын тигізбейді. Өзіне не тілесе, өзгеге де соны шын көңілмен тілеуі қажет. Бір мұсылманға қарап күллі Исламға баға беріледі. Сол себептен дінімізді өзгеге жақсы жағынан көрсетіп, көркем мінезбен насихаттауымыз қажет. Ал, бүгінде дінімізді жаман жағынан көрсеткісі келіп жүрген ұйымдардың көпшілігі мұсылман мен мұсылманды араздастырып, жік-жікке бөлуде. Жалпы мұсылман деген кім? Оның бейнесі қандай болу қажет? деген сынды бірнеше сұрақтарға теолог Бақытбек Тәжімбет"Иманғали" орталық мешітінде құптан намазынан соң "Мұсылман-мұсылманның айнасы" деген уағызында толыққанды жауап беріп кетті.
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.10.2015
3407
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру