Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран кітабы таратылды

16.10.2015 3803 0 пікір

Ақиқаттың ұлы кітабы – Құран Кәрімнің әлемдік ғылымды дамытуға, адамзат баласының дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуына, рухани жан- дүниесінің кемелденуі тигізген ықпалы, қосқан, келешекте қосатын үлесі өте сүбелі. 

Құран Кәрім - мұсылман қауымының қасиетті кітабы. Құранда Алла тағаланың атынан айтылатын өсиет - өнегелер, екі дүниелік ереже - қағидалар жинақталған.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан тарату үшін арнайы келген Құран кітабы Қызылорда өңіріндегі барлық қала, аудан, ауылдық округ имамдарына таратылды.

ҚМДБ-ның қызылорда облысы бойынша өкілдігі аталмыш қасиетті кітапты таратуға бағытталған жиын өткізіп, оны оқудың маңыздылығы, қарапайым халыққа Құран оқудың сауабы туралы айтудың, соған жетелеудің өзектілігі турасында айтып өтті.

Жиынды орталық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт жүргізді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру