Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті Кітабымыз мешіт игіліктеріне тарту етілді

16.10.2015 3335 0 пікір

Елімізге Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының игі бастамасымен Бахрейн әмірлігінен қасиетті Кұран Кәрім жеткізілген болатын.

Осы ізгі бастамының негізінде қыркүйек айының 15-жұлдызы күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде Ақтөбелік имам-молдалардың басы қосылып, мұсылман баласының жарық нұры, қасиетті кітабымыз барлық мешіт иелігіне тарту етілді.

Ақтөбе облысына бөлінген Алла Тағаланың кәләмі облысымызға қарасты қала және барша аудан мен ауыл мешіттеріне таратылып,  жамағат игілігіне берілді.

Аталған шара барысында Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серікжан Еншібайұлы жиналған имамдар қауымына:

-«Бұл қасиетті Құран Кәрім барша аймақтың мұсылман қауымына берілген ерекше тарту, теңдесі жоқ сыяпат. Сыйға тартылған Құран әрбір мешіттің сөресінде міндетті түрде жамағат пайдасы үшін тұруы тиіс », - деп бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын нақтылап жеткізді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру