«Рухани келісім күні» қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс көлеміндегі діни бірлестіктер, этно мәдени және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Бұған аймақтағы барша қала, аудандық мешіт имамдары түгел қатысты. Негізгі көздеген мақсаты - конфессияаралық келісім және діни төзімділікті нығайту, рухани келісімді насихаттау.
«Қазақстанда «Рухани келісім күні» жыл сайын кең көлемде, салтанатты түрде аталып өтіледі. Конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті қамтамасыз ету мемлекет саясатының басымдығы болып табылады. Шығыс Қазақстан облысында осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Діни тұрақтылық еліміздегі тыныштық пен татулықтың, ұлтаралық бірліктің кепілі. Діни сауаттылық пен уағыз насихатты жандандыру бүгінгі күннің басты міндеті. Ендеше, бәріміз осыған ат салысуымыз керек» деп, бастаған облыс басшысы жиналған барша имам- молдаларды алдағы мерейлі күнмен құттықтады.
ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Нұрлан Байжігітұлы қатысушыларға Ұлы Алланың қалауымен, Елбасымыздың дана саясатымен елімізде орнаған баянды бейбітшілікті, діни тұрақтылықты, бірлік пен татулық, діндер арасындағы түсіністіктен екендігін айта отырып, «Ислам халықты тыныштық пен бірлікке үндейтін, бауырмалдыққа негізделген дін. Алланың ақ жолы тек қана адамдар арасындағы ынтымақтықты насихаттайды» деген сөзімен аяқтады.
Бұл салтанатты жиында сөз алған басқа діни бірлестік жеткшілері облыстағы діни тұрақтылыққа, ел тыныштығына, ұлттар достығына көңіл толатындарын білдіріп, халық арасындағы мүлгіген татулықты сақтауды маңызды деп санады.
Сонымен қатар, кездесу соңында діни бірлестіктер мен мемлекеттік мекеме өкілдеріне «Конфессия аралық келісім, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» деген Шығыс Қазақстан облысының әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Осы қатарда «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан Жұмабеков алғысқа ие болды.
Жиынды облыс басшысы «Еліміздегі рухани келісім – бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі» деп, түйіндеді.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.10.2015
4583
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру