Алматы қаласында қазан айының басында «Қарттарым асыл қазынам» атты қайрымдылық шарасы басталған болатын. Солардың бірі бүгін Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде Бас имам Дәуренбеков Орынбасар имамның ұйымдастыруымен өткізілді. Алатау ауданына қарасты мешіттердің Бас имамдары 300-ден астам ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерді ақ дастархандарын жайып, қонақ етіп, ақ баталарын алды.
Шара қасиетті Құран Кәрім оқумен басталып, аудандағы ақсақал мүшелеріне шапан жабумен жалғасын тапты. Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жиылған жұртты айтулы мерекемен құттықтап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді. Алатау ауданыны әкімінің орынбасары Маржан Балбаева келген қонақтарға және іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
Айтулы мереке қарсаңында, батагөй қариялар мен жастар арасында өткен бата жарыста жүлделі орындардан көрінген ақсақалдарға жолдамалар берілді. IІI-орын алаған Балтабаев Таласбай ақсақалға Түркістан қаласына барып, тарихи орындармен танысып қайтуға жолдама берілді. ІI-орын алған Қажыхан Шәкітбай ақсақалға бас қала Астана қаласына барып демалып келуге жолдама берілді. Ал І-орын алған Есімжанұлы Кәрімғали (Ардагерлер үйі) ақсақалға Мекке қаласына барып кіші қажылығын өткеп келуге бұйырды.
Шара соңында келген қонақтарға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының арнайы сыйлығы қасиетті Құран Кәрімді тартылып, қариялардың ақ батасымен аяқталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2015
3370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру