Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында «Шығыс Қазақстан дінтанушыларының II форумы» болып өтті. Форум барысында Шемонаиха ауданының Бас имамы Еркинбай Иврахим облыс әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты осы жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, облыстық Дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджановтар тапсырды.
Ол аудан көлемінде қайырымдылық шараларын тұрақты өткізіп, мұқтаж отбасыларға жәрдем беруде көш басында келе жатқан имамдардың бірі. Сонымен қатар ол кері ағымдармен жұмыс қарқынын арттыруда нақты жоспар құрып, тиісті орындармен тығыз байланыста жұмыстауда. Қазіргі таңда әсіресе жаза басып, түрмеге түскен бауырларымызды тура жолға салып, қатарға тарту бәрінен маңызды болып отыр. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.а) адасқан бауырларды тура жолға салудың сауаптылығы жайлы өзінің асыл хадистерінде айтып өткен-ді. И.Еркинбай имам Шемонаиха ауданында орналасқан 156/6 түзеу мекемесінде тұрақты уағыз насихат жүргізіп келеді. Онда жазасын өтеп жатқан 50 тыңдаушыны діни сауаттылығына қарай екі топқа бөліп, оларға әр апта сайын тұрақты Алланың ақ жолын насихаттайды.
Құрбан айт мерекесін қарсаңында «Раббың үшін құрбан шал» акциясын жүйелі ұйымдастырып, 40 отбасыға көмек көрсетті. Ағымдағы жылдың Ораза айт мейрамында аудандағы әр ұлттан құралған 35 мұқтаж отбасыға қайырымдылық жәрдем жасады.
Облыстық мешіт тарапынан айрықша назар аударылған «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы күнкөрісі төмен 25 баланы өз өтініштері бойынша жалпы сомасы 160 мың теңге болатын оқу-құралдар мен киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Еркинбай Иврахим алдағы уақытта ислам дінін насихаттау жұмысын пәрменді жүргізе бермек.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.10.2015
3387
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру