Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде өткен өзекті форум

15.10.2015 3652 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысын орталығы Өскемен қаласы «Алтай» техносаябағында «Шығыс Қазақстан дінтанушыларының II форумы» болып өтті. Бұл айтулы жиынға  ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, ҚР мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының аға оқытушысы философия ғылымдарының PhD докторы Қайсар Назарбек,  облыстық Дін істері басқармасының төрағасы Манарбек Мұхамеджанов, ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы қатарлы ресми тұлғалармен қатар облыс көлеміндегі діни бірлестік жетекшілері мен өкілдері, барлық қала, аудан мешіттерінің имамдары мен молдалары, дін танушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мектептердегі дінтану пәні ұстаздары қатысты.

Басқосуды облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар ашып, бұл шараның маңыздылығына тоқталып, облыстағы қазіргі діни ахуал мен дінаралық татулықтың ел өміріндегі маңыздылығы туралы кең көлемде салмақты баяндады.

ҚР Дін істері агентігінің төрағасы Ғ.Шойкин елімізде діни сауаттылықты арттыру, діни алауыздықтан сақтану, діндер татулығы ел тыныштығының кепілі екендігін баса айтты.

Рухани келісім күні қарсаңында ұйымдастырылған  бұл басқосуда облыс аумағындағы діни ахуал, дін саласындағы мемлекеттік саясат, дінтану пәнінің оқытылуы туралы келелі мәселелер дінтанушылар мен дін саласынын өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқыланды.

Жиынға қатысқан дін өкілдері, қоғамдық бірлестік жетекшілері мен ғалымдар ұтымды ұсыныстар, құнды ойлар айтты.

Жиынға қатысушылардың  көбі бүгінгі таңда ислам дінін терең насихаттау, кері ағымдардың алдын алу үшін білім ордаларында «Ислам діні тарихы» немесе исламтану пәнін енгізетін мерзімнің жеткендігін айтты. Осы ұсынысты үкіметке жеткізуді сұрады.

Жәнеде бүгінгі жастардың ислам дініне деген бетбұрысына көңілі толатындықтарын айтты.

Форумда сөз алған ақсақалдар  облыстағы діни ахуалға оң баға берді, және халықты иман мен ізгілікке шақырып, ислам дінін насихаттауда тынымсыз еңбек етіп, Алла алдындағы ұлы парызын абыроймен атқарып жүрген  ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Нұрлан қажы Байжігітұлының қызметіне риза екендіктерін білдірді.

Жиын соңында облыстағы діни тұрақтылыққа қосқан үлестері үшін әртүрлі діни бірлестік өкілдері мен мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері марапатталды.

Форумға қатысушылар кері ағымдардың жетегінде кеткендер жайлы Шығыс Қазақстан облыстық драма театры сахналаған «Шырмауық» спектаклін тамашалады. Келесі күні ШҚО әкімі дін өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. 

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру