Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін және жастар

15.10.2015 3016 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанынан құрылған ақпараттық - насихаттық топ қала жастарымен кездесулер ұйымдастыруда.

Жергілікті ақпараттық-насихаттық топ аудан және қалаға қарасты ауылдық округтердегі жалпы білім беретін білім ұйымдарының оқушыларымен дін, имандылық, тәрбие, үлкенге құрмет, ата-ананы сыйлау секілді тақырыптарда уағыз-насихаттар жүргізуде.

ЖАНТ құрамында қаладағы мешіт имамдары жасақталған. Мектеп оқушыларына бүгінгі таңдағы түрлі ағымдардан сақтану, мешіт имамдарынан ғана қажетті сұрақтарына жауаптар алу, имандылыққа бет бұрудың негіздері бағытында тұщымды насихаттар жүргізілді.

Өз кезегінде мектеп оқушылары көкейлерінде өздерін толғындырып жүрген сұрақтарына мешіт имамдарынан жауаптарын алды.

Мектеп ұжымы кездесулерді ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарға Ислам дінінің құныдылығын насихаттау маңыздылығын айтты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру