Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Атырауда

15.10.2015 3336 0 пікір

Жастарға дәстүрлі дін насихатталды

"Дін ұстана білсең қасиетің, ұстана білмесең қасіретің" деген дана қазақ. Иә, бүгінде жат ағымның арбауына арбалып, өзгенің таңсығын Алланың бұйрығы деп қабылдап жүрген жастарымыз жетерлік.

Атырау атырабына арнайы Ақтөбе қаласынан келген Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, теолог Бақытбек Тәжімбет қаламыздағы Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің студенттерімен алғашқы кездесуін бастады.

"Діни сауаттылық дүмшеліктен қорғайды" атты кездесуге ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы мен "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек" орталығының басшысы Айбек Асқарбекұлы қатысты. "Білмесеңдер білім иелерінен сұраңдар" деп хадис-шәріпте айтқандай студенттер кездесу барысында дін қызметкерлеріне өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

 

Ілім алу адамзатқа парыз

Адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Білім мен хикмет – мұсылманның жоғалтқан малы, қай жерден тапса сол жерден алсын» деген болатын. Яғни, Хақ дінімізде еркек пен әйелге ілім іздеу парыз. Қаншама жандар осындай сауатсыздықтың кесірінен жаңылысып, алдағанның жетегінде кетіп, тура жолдан адасуда.

Осы бағытта Республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі, дінтанушы Бақытбек Тәжімбет облысымызға келіп, өзінің тәжірибесімен бөлісуде. Түске дейін студенттермен кездескен Бақытбек Тәжімбет бесін намазынан соң, облыстық кеден бақылау департаментінің қызметкерлерімен жүздесті. Кездесуге "Әт-тақуа" мешітінің бас имамы мен Ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Амангелді Уразовтар қатысып, салиқалы сұхбат жүргізді. Кездесу барысында дінтанушы Бақытбек Тәжімбет исламдағы ілім ізденудің жолдары мен ата-ана хақысы турасына тоқталып өтті. Құранның алғашқы аяты да "Оқы!" деп басталады. Демек, әрбір мұсылман ілім іздену жолында бар мал мүлкін сарп етсе де, екі дүниеде де пайдасы тиетін білімді жанына сіңіріп, санасына тоқуы тиіс.


 

Бір имамға бағыну ел берекесі

Атыраулық жамағатқа асыл дінімізді дұрыс жеткізіп, имандылық кәусарынан сусындату мақсатында еліміздің білікті теологтары мен дінтанушылары шақыртылып келеді. Әрине, бұл уағыз-насихат шарасы жамағат арасында өзіндік жемісін беруде.

Мұнайлы өңірдегі кезекті насихат жұмыстарына Ақтөбе қаласынан келген Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, теолог Бақытбек Тәжімбет арнайы келді. Атап айтқанда, білікті теолог 12 қазан күні Атырау қаласында орналасқан «Әт-Тақуа» мешітінде жамағатқа келелі уағызжүргізді.

Дінтанушы ақшам мен құптан намазының аралығында «Бір имамға бағыну ел берекесі» хақында мәні зор уағыз өткізіп, жамағат жолдаған сауалдарға тұщымды жауаптарын қайтара білді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру