Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

100 000 дана Құран Кәрім ел игілігіне берілді

14.10.2015 3183 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен елімізге Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан 100 000 (жүз мың) дана Қасиетті Құран Кәрім кітабы келген болатын. Арнайы алып келген кітап еліміздің мешіт, медреселері мен діни орындарға үлестіріліп жатыр.

Бахрейн елінен келген қонақтар Құран кітабының таратылып жатқандығына куә болды. Алматыға арнайы ат басын тіреген қонақтар Орталық мешітте жамағатымен жүздесіп, қаланың Бас имамдарымен кездесті. Басқосу барысында мешіт жамағаттарына Құран кітабын таратып, халқымыздың қонақжайлылығына дән риза болды. Келген қонақтар Алла қаласа алдағы уақытта елімізге іс сапарларының жалғасатындығын айтты. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлы келген қонақтарға еліміз атынан алғыс білдіріп, кітаптың келуіне ықпал жасаған «Kazakhstan Qatar» Қоғамдық қорының басшылығына өз рахметін айтты.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру