Ислам-адамзатты жақсылық пен ізгілікке, мейірімдік пен қайырымдылыққа шақыратын ең таза дін. Қияметке дейін жалғасын табатын хақ дін. Әйтседе, бүгінде хақ дінімізге күйе жағуға тырысып, өзгеге жексұрын етіп көрсетіп жүрген ағымдардың саны сәт сайын көбейіп келеді. Көшеде жарыс пен атыс болса да, ұрлық пен зорлық орын алса да мешіттегі бауырларымыз бен орамалдағы қарындастарымызды айыптайтын жағдайға жетіп отырмыз.
Мұның барлығы сол жат ағымдарың солақай саясатының нәтижесі. Олардың діттеген де сол. Қазақ пен қазақты жауластырып, өзге елдерге мазақ ету, яғни іштей іріту саясаты тұр мұның артында. Сол пасық пиғылды ұйымдардың алдын бүгіннен бастап алмасақ, ертең өскелең ұрпақтың санасы уланып, дәстүріміз бен дінімізден, ата-анасы мен бір туған бауырларынан безініп кетуі әбден мүмкін. Осындай ниеттері бұрыс топтардан жас ұрпақты қорғау үшін ҚМДБ-ның жанынан ақпараттық-насихаттық тобы құрылып, өздерінің жұмыстарын жүргізуде. Сол Республикалық топтың мүшесі Бақытбек Тәжімбет облысымызға іс-сапармен келіп, студенттермен кешеден бері келелі кездесулер өткізіп келеді. Сол шара бүгінде жалғасын тауып білікті дінтанушы Б.Тәжімбет Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттерімен кездесіп, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы екеуі "Діннің негізі-имандылық" атты тақырыпта ой өрбітті. Шара барысында студенттердің көпшілігі имамдарға сақал мен орамалдың шариғаттағы үкімдері турасында көптеген сұрақтар қойып, қанағаттанарлықтау жауаптарын алды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2015
3888
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру