Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан арнайы жолдама алған бір топ имамдар бауырлас Түркия елінің Бурса қаласында бірінші дәрістерін бастады. Аталған білім жетілдіру орталығында 26 имам Құран Кәрім және тәжуид ілімдері, сенім (ақида), фиқһ, хадис, тәпсір салалары бойынша білікті ұстаздардан дәріс алып, білімдерін жетілдіруде.
Сондай-ақ, елден барған имамдар Түркия Республикасы "Дін Істері басқармасы Бурса қаласы Білім беру орталығы басқармасына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы сәлемін жеткізді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркия Дін істері басқармасымен дін саласында әріптестік қарым-қатынас орнатып, бірқатар ортақ меморандумға қол қойған болатын.
Бұл бастама осының меморандум аясында іске асып қана қоймай, ел руханиятына осылай жемісін беруде. Түркияға табан тіреген еліміздің дін қызметкерлері алдағы уақытта Бурса білім орталығында 2 ай бойы білімдерін шыңдайтын болады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2015
3565
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру