ҚМДБ – ның тұғырнамасын қоғамға насихаттау – бүгінгі таңдағы кезекті күттірмес міндеттің бірі. Осыған байланысты, еліміздің түкпір-түкпірінде дін өкілдері насихат жүргізуде.
Тұғырнаманы таныстырып, кең ауқымда насихаттау мақсатында облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен қалалық мешіт имамдарының бас қосуы болды. Кездесуде найб имам Дәулет Қабидолдин Тұғырнаманың тұла бойын баяндап, көзделген басты парыз бен міндеттерін жеткізді. Сонымен қатар, имам мен мұсылманның тұлғалық келбетіне, исламның жауһар құндылықтарына тоқталды.
Жиналған имамдар мұсылмандар үшін осы басты құжатта айтылған ғибратты қағидалар мен пәтуалар негізін айтып, халыққа насихаттау пікірін ортаға салды. Алдағы уақытта қала көлемінде тұғырнамамен таныстыру шараларын ұйымдастырып, кездесу жоспарланып, тарауларына түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатқа айналды.
Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
Өскемен, Шығыс Қазақстан облысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.10.2015
3110
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру