Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теңге ауылындағы кездесу

14.10.2015 3241 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылына арнайы іс сапармен барып, ауылдық «Атамұра» атты мәдениет үйінде Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сағыбаев Исахан, қала, ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары және ұстаздармен өткен кездесуге қатысып, баяндама жасады.

«Жас ұрпақты жат ағымнан сақтау» атты кездесуде өкіл имам С.Сейтбеков  дініміздің құндылықтары жайында айта келе, жат ағымның зияны және олардың қалай ажыратуға болатыны жайында тоқталды. Расында да соңғы уақытта дін атын жамылған діни ағымдардың әрекеттері ешкімді де бейжай қалдырмады. Тұрғындар мен жастарға дәстүрлі дініміздің ұстанымдарын түсіндіріп, діннен қорқудың қажет жоқтығын ескертті. Біз діннен емес, дін атын жамылған ағымдардан қорқуымыз керек. Ол үшін өз дінімізді дұрыс үйренуіміз тиіс деп сөзін түйіндеді.

Өкіл имам уағыз барысында жастарға мұқият болуды ескертіп өтті. Яғни ғаламтор арқылы тарап жатқан теріс діни уағыздар мен бейне роликтердің, діни кітаптардың қарамастан алдын Діни басқарма тарапынан мақұлданғандығын тексеру қажет. Сараптаудан өткен діни мәліметтерді ғана алу керектігін баса назарда айтып өтті. Кездесу соңында өкіл имам ақсақалдар мен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру