Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа дайындық курсы талапкерлер қабылдайды (ФОТО)

14.10.2015 3901 0 пікір

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті тағы жаңа дайындық курсымен толықты. Алматы облысы, Балқаш ауданындағы Бақанас ауылдық округіне қарасты Бояулы ауылында 30 шәкіртке шақталған заманауи үлгідегі дайындық курсы пайдалануға берілді. Молдақасым мешітінің жанынан салынған Орталықта шәкірттердің  білім алуына  арнайы жабдықталған бөлмелер, бай кітапхана,  жатар орны, асханасы барлығы талапқа сай.

Осыдан бір жыл бұрын Нұр-Мүбарак университетінің Талғар қаласында орналасқан Дайындық курсы алғашқы шәкірттерді қабылдаған болатын. 120 шәкіртке арналған оқу орнында Нұр-Мүбарак университетінің шарттарына сай бағдарлама бойынша  және Бірыңғай ұлттық тесттегі емтихан пәндеріне  дайындық ретінде білікті ұстаздар дәріс берген еді. Осы тәжірибемен жұмыс жасайтын Бақанастағы дайындық курсы биыл алғашқы талапкерлерді қабылдайды. Қабылдау емтихандары Талғар қаласындағы дайындық курсымен бірге жүргізіледі.

Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына  бойұсынушы талапты, қабілетті  жастар қабылданады. Жатар орын, ас-тағамдары толықтай тегін.

Қабылдау   қазан айының 30 жұлдызына дейін жүргізіледі. 

Қажетті құжаттар:

1. Өтініш;
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
4. 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
5. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография түсірілімі;
6. Наркологиялық анықтама;
7. Сотталмағандығы туралы анықтама.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, Академиялық қалашық» аялдамасы.

Телефондар: 8 /727/ 302-09-40, 302-09-42.
Факс: 8/727/ 302-09-30.
Ұялы тел: 8702 108 17 18

Сайт: www.nmu.kz E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру