Биыл қажылыққа барып, Исламдағы бес парызының бірін орындап, елге оралған қажылар игілікті істердің ұйытқысы болуда. Олар қолға алған шара Маңғыстау облыстық қарттар және мүгедектер үйінде өтті. Облыстың бас имамы С.Сейтбеков, Мұнайлы аудандық мешітінің бас имамы А.Муталиев, найб имам Е.Атибеков және мешіттің әйел жамағатының бір топ қажы әжелері қамкқөңіл қариялармен жүздесіп, олардың хал ахуалдарын сұрап, ауырып жатқандары болса көңілдерін сұрап, зиярат етуге барды.
Кең залға жайылған дастарханда қариялармен бірге шәй ішіп, әңгімелескен қажылар олардың көңілдерін аулап, мұңдарын тыңдады. Қариялар өздерінің дін туралы білгісі келген сауалдарын қойып, оған өкіл имам С.Сейтбеков жауап берді. Сондай ақ, бас имам қажылық, тағдырға иман келтіру жайында уағыз айтты.
Дастарханнан тұрған соң, өкіл имамның айтуымен қажылар ауырып, хал үстінде жатқан сырқат қариялардың бөлмесіне кіріп олардың хал жағдайын сұрасты. Мекеме директоры Күләш Қалиеваның айтуынша, ауырып жатқан қарттар күндіз түні дәрігерлердің қарауында. Мекемеде 80 қызметкер қариялардың күтімімен айналысады.
Облыстық қарттар және мүгедектер үйінде бүгінгі таңда 108 қария бар. Оның 30 қазақ ұлты болса, қалғандары әр түрлі ұлт өкілдері.
Асанова Қалбике әже 1923 жылы туылған. Балалары да, жары да бұл өмірден өтіп бүгінде өзінің жалғыз қалған жайы бар. Тоқсанға келген қарияның денсаулығы әлі тың . Бір кезде ел басына күн туған аласапыран уақытта ата бабасы Қоңыратқа көшіп, сонда тұрақтаған олар 2004 жылы Қазақстанға көшіп келеді.Елге келген соң, жай күйлері болмай, сырқатқа шалдыққан жұбайы қайтыс болып, туыстары алыста қалған Қалбике әже қарттар үйін мекендеуге мәжбүр болған.
Сыр суыртпақтап, сөйлесе кетсең, олардың әрқайсысының өз өмір жолы бар, қилы тағдырдың иелері екенін байқайсың.
Сауатты да сөзге шешен қарт Иренов Кәрім Нәжімеденұлы өз бөлмесіне қонаққа шақырды. Жасы 80 ді алқымдаған ардагер өзінің еңбек жолын ұстаздық қызметке арнаған. Кеудесіндегі жарқыраған орден медальдері де білім беру ісіндегі қызметі үшін берілген. Жалғыз ұлының қалауы осы болып, бүгінде қарттар үйін паналаған Кәрім аға бала келінім жиі келіп, халімді біліп тұрады деп оларды елжірей еске ап, шаң жуытпай айтады. Іштен шыққан шұбар жыланын жамандыққа қимаған Кәрім ұстаз арқа жарқа боп, балаша қуанып, өз бөлмесінде қажылармен бірге суретке түсті.
Қариялар жылы сөз бен жарқын жүзге зәру. Сырқат жандар өздерінің көңіл күйін сұрап, жақсы тілектер арнағанға қатты қуанып, алғыс баталарын беріп жатты.
Қажылар алдағы уақытта тағы да келіп тұратындықтарын айтып, бірі келместің кемесіне мініп, бірі жағада күтіп тұрған оларға есендік тілеп қоштасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2015
3345
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру