Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНТ қала тұрғындарымен кездесті

13.10.2015 3022 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қала мешіттері жергілікті ақпараттық-насихаттық топ құрамымен қала тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда.

Кезекті кездесу Белкөл кентінің тұрғындарымен ұйымдастырылды. АНТ құрамында қалалық ішкі саясат бөлімі, қалалық ішкі істер бөлімі, жастар қоғамдық бірлестігі және мешіт имамдары бар.

Кездесуде жастар мен тұрғындарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану, құқықтық сауаттылық, имандылық және тәрбие мәселесі сөз болды.

Қатысушы жастар өзге діни ағымдардың өкілдерінен сақтану жолдары туралы сұрақтарын қойып, сала мамандарынан тиісті жауаптарын алды.

Аталмыш бағыттағы кездесулер алдағы уақытта да барлық ауылдық округтерде жүйелі жүргізілетін болады.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру