С.Баешев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен кездесу болып өтті.
Аталмыш кездесу барысында «Мұсылман тұғырнамасымен» жас буынды таныстыра отырып, мұсылман мінез-құлқы мен көркем іс-әрекеті туралы сөз болды.
ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша жастар ісі өкілі Әлішер Садық тұғырнаманың барлық тарауларына шолу жасап, студенттермен еркін сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық діни істер департаментінің маманы Нұрсұлтан Жаншин жастарға жат ағымдардың қоғамдағы кері әсері мен отбасы, қызмет, тіпті жеке тұлғаның өзіне тигізетін зияны мен зардаптарының зор екенін ескертті. Сондай-ақ, болашақ егеменді еліміздің мәртебесін асырар жастарымызға дәстүрлі дінімізді тереңінен түсініп, ғұрып-салтымызды барынша құрметтеуге шақырды.
«Мұсылман тұғырнамасына» қатысты студенттер сауалдар жолдап, мұсылманның қоғамдағы орны мен міндеті туралы ақпараттарға қанық болды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешіті баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2015
3311
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру