Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қариялар елдің - қазынасы

13.10.2015 3233 0 пікір

Бүгін облыстық қарттар үйінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Eржан қажы Малғажыұлының бастамасымен облыстық орталық мешітінің Бас имамы  Руслан Тыныштықұлының қолдауымен «Қариялар елдің - қазынасы» атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.

Құттықтау сөзінде өкіл имам Руслан Сұлтанов Бас мүфти Eржан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, «Ата-ана» турасында уағызын айтып, көпшілік ықыласына бөленді.

Облыстық «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық қорының белсенді жастары мен облыс, қала имамдары дайындаған әдеби сазды бағдарламаға ұласты.

Жалынды жастардың бірі жүректен шыққан жыр арнаса, екіншісі әсем әуенімен толғанса, үшіншісі күмбірлеген күйімен толқытты.

Қариялар үйінде тұрып жатқан Амангелді Бақтығалиев атамыз сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Eржан қажы Малғажыұлының игі бастамасына ризашылығын айтып, еңбегіне толағай табыс тіледі.

«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші  орталық мешітінің атынан арнайы дайындаған тәттілерді қарияларға  табыс етті.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ,
 ҚМДБ –ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру