Соңғы кездері әлемнің түкпір-түкпірінде лаңкестік-террорлық деген оқиғалар өрттей қаулап, өрмектей қаптап қана қоймай, өкініштісі, осындай сұмдық оқиғалардың момын мұсылмандарға телініп, террор ұғымы қасиетті «Ислам» дінімен қатар аталып жүргені баршамызға мәлім. Мұның себептері неде? Не үшін айып мұсылмандарға тағылуда? Сонымен қатар Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының мінберінен сөйлеген сөзінде де Қазақстанның сыртқы саясаттағы айқын ұстанымы: ядролық қарусыздану, ядролық сынақтарға тыйым салу, бейбіт атом мәселелері, терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес т.с.с. маңызды мәселелерді алға тартқан болатын.
Міне, осы өзекті мәселе жөнінде Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің Жастар ісі бөлімі және облыстық «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп «Біз терроризмге қарсымыз!» атты кездесулерді ұйымдастырды. Кездесудің алғашқысы 11 қазанда ПМПИ студенттерімен өткізілсе, 12 қазан күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында өткен кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті мен Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының белсенді студенттері қамтылды.
«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бірінші найб имамы Н.Д. Манапбаев, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің найб имамы Х. Т. Аманқұлов және «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі А. Т. Оралқанов, "Жас Отан" ЖҚ Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Ыбытаева Жастар қанатының Павлодар қаласы ЖОО және колледж бастауыш бөлімшелерінің басшылары қатысқан бұл кездесулерде ЖОО-ның студенттеріне лаңкестік әрекеттердің шығуы мен өрбуі, әсіре діншілдік істердің жемісі ойларындағыдай жәннат емес екендігін түсіндіріп, айыпты исламнан іздегендерге сөздерінің қаншалықты шындыққа жанаспайтындығын кеңінен дәлелдеп көрсетті.
Өркендеп дамып, бұрынғы кеңестер елдерінің алды болып, әлемде салиқалы саясат әрі дін жағынан да, беделді ұйымдарға басшылық етіп, өзін биік шыңдардан көрсетіп келе жатқан еңсесі биік Қазақ елінің болашағы – білімді де білікті жастар екендігі даусыз. Ендеше жас буынның санасы сау, ойы сергек, отаншыл болса еліміз опық жемесі анық.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.10.2015
3662
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру