Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде республикалық мемлекеттік қызметтегі дін саласымен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру курсы тұсауын кесті. Алғашқы болып Қызылорда облысы бастап бүкіл аудандарындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығының «Ақпараттық-насихат және діни бірлестіктермен жұмыс жасау» бөліміне қарасты 10 дінтанушыны жіберген. Сол секілді Маңғыстау, Алматы облыстарының да өкілдері қатысуда.
Тұсаукесер рәсімінде университет ректоры профессор Ж.А.Басюни мырза: «Нұр-Мүбарак университетіне хош келдіңіздер. Біздің білім шаңырағы осыдан 15 жыл бұрын Египет пен Қазақстан арасында құрылған. Осы уақыт аралығында дін саласында қызмет ететін жоғары білімді исламтанушылар, магистранттардан өзге тіл мамандары, дінтанушылар даярлап келеді. Жалпы бізде Әбу Ханифа мәзһабы, Матуриди ақидасы бойынша білім беретін қос елдің ғалымдары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін өздеріңдей мамандардың біліктілігін жетілдіруге әрқашан дайын», - деді.
Нұр-Мүбарак жанынан ашылған тұңғыш республикалық діни білім жетілдіру курсына келген мемлекеттік қызметкерлерге университеттің Аппарат жетекшісі Болатбек Абуов пен Дінтану кафедрасының меңгерушісі Қалмахан Ержан мырзалар сәттілік тіледі.
Нұр-Мүбарак университеті еліміздегі бірнеше облыс орталықтарымен ынтымақтастық меморандумын қабылдаған еді. Алғашқы меморандум да Қызылорда облысының әкімдігімен жасалған еді. Ал қазіргі діни ағымдардың ағылған кезеңінде мамандарды сауаттандырудың өзі жақсылықтың нышаны. Өйткені тарихтағы діни алауыздық қақтығыстарының барлығының түбірі сауатсыздық пен жалаң әсіреқызыл діндарлықпен байланысты болып келеді. Біздің елімізде де соңғы жылдары сыртқы күштердің білімсіз жастар тобын әсіредіншілдер тобырына айналдыру әрекеті бой көрсетіп жүрген-ді. Енді сондай олқылықтың тамырын кесу үшін мемлекеттік қызметтегі діни мамандардың біліктілігін арттыруы игі бастама. Бүгін тұсауы кесілген республикалық мемлекеттік қызметкерлерге арналған курстың шәкірттеріне алғашқы дәрісті белгілі исламтанушы Ерсін Әміре жүргізе бастады.
Айша Кеңесбай
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2015
3410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру