Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медицина саласының қызметкерлеріне тұғырнама насихатталды

12.10.2015 3192 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті ҚМДБ-ның басты құжаттарының бірі – Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасын насихаттау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Кезекті насихаттау Қызылорда облыстық медициналық орталығының қызметкерлеріне арналып ұйымдастырылды.

Сала мамандарына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  Тұғырнама -  ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің бірнеше рет талқылауынан өткен тәлімдік құжат екендігін, теріс ағымдарға тойтарыс бере алатын, имани иммунитетімізді күшейтетін дәстүрлі бағдарымыз екендігін нақтылап түсіндірді.  

Өз кезегінде ақ халатты абзал жандар дәстүрлі Ислам дініне негізделген бірлік, еңбекке адалдық бағытында өз пікірлерімен бөлісіп, ойларында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

Медицина қызметкерлері тарапынан аталмыш бағыттағы кездесулер молынан ұйымдастырылса деген тілек, ниет жеткізілді.

Кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру