Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тазалық - саулық негізі

12.10.2015 4281 0 пікір

Өткен сенбі күні Алматы қаласында 240 мыңнан астам тұрғындар қала бойынша сенбілік өткізген болатын.

Тазалық – саулық негізі. Қаладағы мешіттерде де сенбілік өткізілді. Сенбі күні мешіт қызметкерлерімен қатар, мешітке келуші жамағаттар арасында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік Алматы Орталық мешітінде де өткізіліп, мешіттің ауласы түгелдей тазартылып, Маметов пен Пушкин көшелерінің бойына да тазалық жұмыстары жүргізілді.

Өз өсиеттерінің бірінде Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Тазалық — иманның жартысы» — деген. Тағы бір хадисінде: «Алла — жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла таза жүретін құлдарын да жақсы көреді. Ендеше, үйлеріңіздің маңайын да таза ұстаңыздар!» — деген.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру