Атырау облысындағы белгілі теолог-дінтанушылар «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында Құрманғазы аудандық агро-техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуді колледж директоры Шайхатулла Жәлелов ашып, шараның тәрбиелік мәніне тоқталды. Шара барысында сөз алған ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров: «Ислам діні – бүкіл адамзатқа тура жолды насихаттау үшін жіберілген соңғы дін. Асыл дініміздің қайнар көзі –Құранда бүлік шығарып, озбырлыққа шақыратын аят жоқ. Сондықтан Ислам дінінен экстремистік, террористік түсінік іздеу – білімсіздік. Бұл – дінімізді қаралаушылардың әрекеті», – деп отарлық санадан арылудың тарихи қажеттіліктеріне тоқталды.
Сондай-ақ Қор директорының орынбасары Айбек Асқарбекұлы «бейбітшілік – барша бейбіт халықтың арманы. Өйткені, оның жаратылысында ешқандай адамды өштік, өшпенділікке үгіттейтін теріс ниет жоқ. Қасиетті кітабымызда айтылғандай, адам баласы жер бетіне жамандық жасау үшін емес, Алла тағалаға құлшылық ету үшін жаратылған. Олай болса, ізгілікке шақыратын ілімнен сусындап, бір-бірімізге бауырмалдық таныту – сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті, бабаларымыз ұстанған сара жол», – деді.
Кездесу соңы еркін пікір алмасуға ұласып, колледж әкімшілігі дінтанушылар тарапына ризашылық сезімдерін білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2015
3054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру