Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ жазасын өтеушілер арасында Құран жарысын ұйымдастырды.

09.10.2015 3299 0 пікір

ҚМДБ бүгінгі таңда халықты ауызбіршілікке, сабырлылық пен татулыққа шақыру бойынша уағыз-насихат жұмыстары әрбір жұма уағыздары барысында кеңінен жүргізіп жатқаны белгілі.

Осындай жұмыстардың шеңберінде Діни басқарма тарапынан республикамыздың барлық аймақтарындағы түзету колонияларында жазасын өтеуші тұлғаларға да қатысты тәрбиелік, түсіндірме шаралары ұйымдастырылуда.

Дәлірек айтқанда, ү.ж. қыркүйегінде Қостанай облысының өкіл имамы А.Түсіпбек пен «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы А.Мурзакановтың ұсыныстары бойынша УК 161/2 ТК басшылығының қолдауымен жазасын өтеушілер арасында Құран жарысы өткізілді. Нәтижесінде жазасын өтеушілер арасында 1-ші орынға Е.Танкебаев , 2-ші орынға М.Бикенов, 3-ші орынға М.Мырзаимов ие болып, оларға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру