Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Құрманғазы жамағатымен кездесті

09.10.2015 3134 0 пікір

7-қыркүйек күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Құрманғазы аудандық «Темірәлі» мешітінде кездесу өткізді.

Шараның мақсаты Ханафи фиқхы, Матруди сенім мектебінің ең басты қағидаларын түсіндіруге арналды. Осымен байланысты өкіл имам Б.Мансұров: «Көптің көңілін алаңдатқан мұндай құбылыстың алдын көп болып алу керек. Бұл ретте сіз бен бізге артылатын жауапкершілік үлкен. Ел іргесін ыдыратуды көздейтін жат ағыммен күресте дәстүрлі діннің қайнар көздерінен сусындап, Ханафи фиқхы, Матруди сенім мектебінен үлгі, өнеге алудың маңызы зор», – деді. Сонымен қатар, дініміздің ел бірлігін арттырудағы мән-маңызына тоқталып, қазіргі таңда жат ағым жетегінде кеткен кейінгі буынның сан ғасырлық тарихы бар пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне қайшы келуі жекелеген адам тағдыры ғана емес, ұлттың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған жағдай екенін айтты.

Шара соңында имамға көптеген сауалдар жолданып, оларға тұщымды жауаптар берілді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру