Пайғамбарымыз (с.ғ.а.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет», - деген. Сондықтан әр мұсылман хал қадірінше жоқ-жітіктерге көмек беруге асығу қажет.
Қарттар күні мерекесіне орай Өскемен қалалық мешіті оннан астам қарияларға мерекелік сый жасады. Қариялар өздеріне көрсетілген бұл құрметке риза болды.
Сонымен қатар Ұлан ауданы Мамай батыры ауылында тұратын жағдайы төмен отбасыға мешіттен көмек берілді.
Шемонайха қаласында мүгедек Қабанбаевтар отбасы тұрады. Олардың әлеуметтік жағдайы мешіттің назарынан әркез тыс қалған емес. Шемонайха ауданның бас имамы И.Еркінбай оларға арнайы барып, денсаулық жағдайымен танысып, күнделікті тұтыну заттары мен азық-түлік апарды. Олардың көңілдерін аулап, Ұлы Жаратушыдан шапағат тілеп, дұға жасады.
Тарвиядағы панасыз қалған қариялардың «Хоспис» мекемесіне облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері көмек ретінде тұтыну заттарын, азық-түлік жеткізіп берді.
Аталған акция шеңберінде қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғаса бермек.
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.10.2015
3306
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру