Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жарылқасаң кәріңді, жарылқармын бәріңді

08.10.2015 3778 0 пікір

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген қазақ үшін қарттарының орны ерекше. Әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. «Қарты бар елдің, қазынасы бар» деп ата-бабаларымыз айтқандай, қазыналырымызды құрметтеу жас ұрпаққа, яғни біздерге парыз.

Осы орайда, қарияларымызды жылына бір рет келетін Қарттар күнімен құттықтау үшін «Иманғали» орталық мешітінің ұжымы облыстық мүгедектер мен қарттар үйіне «Жарылқасаң кәріңді, жарылқармын бәріңді» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Шараның мақасаты жас ұрпақтың бойына үлкенге құрмет пен ізеттілікті дарытып, өзгелерге барынша қайырымды болуды саналарына сіңіру. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлы бастаған бірнеше мешіт қызметкерлерімен қоса, қаламыздағы өнерлі жастар қатысты. Шараның шымылдығын «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров ашып, қарияларды мерекелерімен құттықтап, рухани әңгімелерімен бөлісті. Бағдарлама соңында мүгедектер мен қарттар үйінің басшысы Қ.Исабайқызы мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру