Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтің төрағалығымен БҚО әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніңдегі Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты бейбітшілік пен конфессияаралық татулықты нығайту, діни төзімділік, жалпыазаматтық және демакратиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуына көмек беру.
Кеңес отырысында облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы төрағалық етіп, жиналған қауымға сәттілік тіледі.
Алдымен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің басшысы Жарас Аханов БҚО дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметі туралы атты тақырыбында баяндамасын оқыды.
Одан кейін қазіргі уақытта діни ахуалы күрделі болып отырған Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов пен Зеленов ауданының әкімі К.Жақыпов «Жаңақала мен Зеленов аудандарындағы дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарының барысы туралы» баяндамаларын көпшілікке дәйекті деректерімен жеткізіп, арадағы шешілмей жатқан түйткіл мәселелерді, діни мамандардың тапшылығын айтып жеткізді.
Кезекті отырыста ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, қазіргі уақытта жоғары білімді дін мамандары Бөрлі ауданында Мейрамбек Абдрахманов қызмет етсе, Сырым ауданына «Нұр-Мүбарак» университетінің биылғы түлегі Бақытжан Сабралиев имандылық жолын бастамақ. Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы дін саласында қызмет етіп жүрген имам-молдаларға дүниелік және діни білімі жоғары болу керектігін айтқан болатын. Игі бастамаға Орал орталық мешіті мешіті мен қалалық мешіттің имам-молдалары дінтану мамандығы бойынша сырттай жоғары білім алуда. Аудан, ауыл имам-молдалары Алматы қаласындағы «Имамдардың білімін жетілдіру институтында» екі айлық курсында діни сауаттарын арттырды. Болашақта да жоғары білімді мамандар аудандық мешіттерде қызмет етеді, - деді өкіл имам.
Облыстық дін істер басқармасының басшысы Талғат Нығметов «Рухани келісім күніне орай өткізілетін іс-шаралары туралы» ойын ортаға салды.
Шараға Кеңестің тұрақты мүшелері, құқық қорғау органдары, қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2015
3279
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру