Талдықорған өңірі бойынша қарттарға көптеген ізгіліктер жасалынып келеді. «Қарты бар елдің қазынасы бар» - деген бабаларымыздың өсиетін өскелең ұрпақ жадысында мәңгі сақтауы тиіс.
Сондай игіліктің бірі, Алматы облысы, Ақсу аудандық орталық мешітінің бас имамы Анарбай Тасболатұлы демеушілердің көмегімен қарттар күні мерекесіне орай жағдайлары төмен, мүмкіндіктері шектеулі жиырма отбасына, отбасы жағдайына қарай бір тонна, бір жарым тонна, көп баласы бар жанұяларға екі тоннадан 34 тонна тегін көмір үлестіріп берілді. Күннің суытып, шақылдаған қыстың жақындаған сәтінде бұл ең үлкен сыймен тең болды.
Ақсу ауданының баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2015
3501
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру