ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қала және аудан имамдары үшін кезекті жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында имамдарға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ақпараттық-насихаттық шаралардың сапалы орындалуы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды күшейту жұмыстары айтылды.
Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан берілген қарттар мен ардагерлерге қатысты шараларды орындау барысы да талқыланды.
Атап айтар болсақ, «Қарты бар үй – қазына», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ұранымен сапалы, маңыздылығы жоғары мәдени шараларды ұйымдастыру тапсырылды. Осы бағытта имамдардың басылым беттерінде мақалаларының жариялануы да тілге тиек болды.
Тапсырмаларға сәйкес, қалаға қарасты жалғызбасты қарттарымызға қамқорлық көрсету бойынша алдағы уақытта іс - шаралар атқарылатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.10.2015
3054
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру