Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қажыларды күтіп алды

08.10.2015 3096 0 пікір

6-қыркүйек күні бес парыздың бірі – қажылық сапарына аттанған жерлестеріміз елге оралды. Атырау халықаралық әуежайында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қарсы алды.

Өкіл имам Б.Берденұды: «Қажылық  адам баласын рухани кемелдендіріп, тәубеге жетелейді.  Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Қабыл болған қажылықтың сыйы – жәннат», - дейді. Шынында Алла қабыл болған қажылықты нәсіп еткей!», - деп бата берді.

Қасиетті сапардан қайтқан атыраулықтар туған топыраққа табаны тиген сәттегі сезімдерімен бөлісті. Қасиетті Қағбаны көріп қайтқан қажылардың қуанышы мен күтіп алушы жандардың абыр-сабыры Атырау әуежайында көпке дейін басылмады. Кейін қажылар мейрамханаға жол тартып,  арнайы әзірленген дастарханнан дәм алды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру