Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық шарасы жасалды

07.10.2015 3503 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтановтың қолдауымен Орал қаласындағы "Арба" қоғамдық бірлестігіне қайырымдылық шарасын жасады.

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып,  Дінбасымыздың дұғай сәлемін жеткізіп, "Иман, денсаулық" жайында уағыз айтып, баршасын ынтымаққа, имандылыққа сабырлыққа шақырды.

Өз кезегінде  "Арба" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Асқарқызы Дінбасымыз бен облыс имамына шексіз алғысын білдіріп, отбастарына амандық, имандылық жолдарына сәттілік  берсін, -деп ақтілегін жеткізді.

Одан кейін облыс имамы «Арба» қоғамдық бірлестігінің тұрмыс-тіршілігімен танысып, бөлмелерін аралады.

Қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің өз қолдарынан дайындаған тағамнан облыс имамы Руслан Тыныштықұлы дәм татып, дастархан басында салиқалы әңгімелер айтып, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Ұжымның ұсынысын қабыл алған өкіл имам әр апта сайын имандылық сабағына ер мен әйелдерге арнап ұстаздардың дәріс беретіндігін жеткізді.

Ұжымға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру