Үстіміздегі қазан айының екінші жексенбісі еліміз бойынша «Мүгедектер күні» болып аталып келе жатқаны бар. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл жолы да қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, қамкөңіл жандарды қуантуға арналған бірнеше шара өткізіп отыр. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен кешегі күні Алтыншаш қарындасымызға қаржылай қолдау көрсетілсе, бүгін Елордамыздағы зағиптар қоғамына арналған қайырымдылқ шарасы болып өтті. Ал, ертеңгі мешітімзге көмек сұрай келген сал ауруына шалдыққан 12 балаға қаржылай көмек берілетін болады.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы бүгін Астана қаласындағы Зағиптар кітапханасын зиярат етіп қайтты. Осы орталықта үш жылдан астам Құран әліппесі мен имандылық сабақтарын өткізіп келе жатқан Бақытжамал Кәрібайқызын өткен ұстаздары күнімен құттықтап, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы атынан «Алғыс хат» табыстады. Брайль жүйесі бойынша алдымен шәкірттерін оқып үйренуге, кейіннен тәжуид сабақтарын өткізіп келе жатқан «Бақытжамал апайдың бұл орталыққа сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Отыз жасында жанарынан айырылып қалған апамыз содан бергі саналы ғұмырын ұстаздыққа арнай жүріп, өзім де көп дүниені үйрендім дейді. Кемтарлығыма жеңдіріп, салым суға кетіп отыра берсем, менің білгенімнен, үйренгенімнен не пайда?! Өзім сияқты қаншама көзі көрмейтін жан бар, соларды имандылыққа баулып , әрбір әрпі сауапқа толы Құранды оқытып үйретсем, адамдық борышым сол емес пе?!» – дейді Бақытжамал апамыз.
Бүгінде Бақытжамал апамыздың 17 шәкірті бар. Шәкірттерінің кез келгені Құранды ақ қағазға салынған тесіктер (Брайль жүйесі дегеніміз осы) арқылы судыратып оқи береді. Жыл соңында кез келген оқу орнындағыдай арнайы емтихан тапсыратын көрінеді. Арнайы ат басын бұрып, алда келе жатқан атаулы датаға орай сыйлық сөмкелерін үлестіріп, ізгі тілектерін арнай келген «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне ата-әжелеріміз разылықтарын білдіріп, ақ баталарын арнады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2015
3680
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру