Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қариялар бір серпіліп қалды

07.10.2015 3409 0 пікір

Қарттар күніне орай Маңғыстау облыстық орталық мешітіндегі ҚМДБ ның жастар ісі бойынша өкілдігі Ақтау қалалық Жас Отан жастар қанатын жұмылдырып, облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде арнайы шара ұйымдастырды. Кеш шымылдығын ашқан облыстық мешіттің наиб имамы, жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Елдар Атибеков қарияларға жылы лебіз арнап, оларды мерекесімен құттықтап, игі тілек білдірді. 

«Қарттарым асыл қазынам» деп аталатын мерекелік кеште тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойылып, ән мен жыр шырқалып, жастар  қарияларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қарт кісілермен дидарласып, олармен бірге арқа жарқа әңгіме құрды.Мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Жылы сөз бен ынта көңілге зәру қариялар мәз мейрам болып, балаша қуанды. Бар ықыластарымен жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, бата тілектерін арнап жатты. Мерекелік кеш соңында естелік үшін суретке түсіп, жастар тағы да келіп тұруға уәде беріп тарқасты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру