2015 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдар форумында қабылданған болатын.
Осыған орай, 5-қазан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу өтіп, кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен мұсылман тұғырнамасымен таныстырылды.
Жалпы мұсылман тұғырнамасы – дәстүрлі дініміздің негізгі ұстанымдары, иман негіздері мен сенім (ақида) мәселелері, ислам этикасы, ислам және салт-дәстүр, дін және медицина, отбасы мен білім –ғылым сынды бірнеше жан-жақты тақырыптарды қамтиды.
Аталған кездесуде Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков жиналған жастарға мұсылман тұғырнамасын таныстырып өтті. Сондай-ақ, «Ақтөбе» облыстық медресесінің орынбасары Бауыржан Нұрғалиев мұсылман баласының іс-әрекеті мен мінез-құлқы туралы сөз қозғап, адамгершілік қадиғаларына барынша негізге ала отырып, өмір кешу турасында мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының директоры Төлеген Талдыбаев жастарымызды жат ағымның идеологиясынан сақтандыру мақсатында теріс пиғылды үшін насихат айтып, мәзхаб ұстанудың артықшылықтары мен ерекешеліктерін студенттер қауымына нақты түсіндіріп берді.
КТІЖ полиция капитаны А.Б.Жылқыбаев жастар арасындағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылық жағдайларының орын алу себептері мен діни бағытты негізге ала отырып, қоғам мүшелеріне кері әсер тигізуші жастардың әрекеттері туралы мағлұматтар беріп, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегенді негізге ала, студенттерді елдің бірлігі мен қоғамның тыныштығын сақтау үшін әрдайым басшылыққа бағынуға шақырды.
Шара барысында студент жастар, мамандарға өзекті сауалдарын жолдап, ашық пікірлерін білдіре отырып, қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.
Кеш соңында жиналған көпшілікке «Нұр-Ғасыр» мешіті сайтының визвиткалары таратылып, сайтқа кіру арқылы мұсылман тұғырнамасын онлайн түрде оқуға және жүктеп алуға мүмкіндік бар екендігі туралы ақпараттар берілді.
«Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.10.2015
3282
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру